Осыдан біраз уақыт бұрын отандық әнші Бүркіт ата-анасын Алматы қаласына, өз қолына көшіріп алғанын айтқан болатын. Әншінің анасы, ақын Айша Көпжасарова келіні Аишаны қазақтың келініне айырбастамайтынын айтып, алғысын білдірді, деп жазады KAZ.NUR.KZ.
Бұл сәтті Бүркіт Instagram желісіне жариялады. Күні кеше әншінің туған күні болған. Видеодан Бүркіттің отбасымен, жақындарымен дастарқан басында отырғанын көруге болады.
Келініме рахмет айтамын. Осы келінді тапқан Айбегіме рахмет айтамын. Мінезі жақсы, өте жайдары, ешқандай қазақтың келініне айырбастамаймын. Өте жақсы адам. Бір-біріңді тапқан екенсіңдер. Қара домалақ балаларды өмірге әкелді. Мақтанып кетті демеңіздер. Мен жақсы болған соң айтып отырмын. Жаман болса, төмен қарап, ұялып отырар едім. Қазір мен қуанып отырмын. Алла Тағалаға риза болып отырмын, - деді Бүркіттің анасы.