Прямая трансляция

Астана

Астана

-6.03°C

«Ұлты басқа болды»: Нұрлан Еспанов жалғыз ұлының үйленуіне неге қарсы шыққанын айтты

Әнші Нұрлан Еспановтың ұлы Олжас қазір жазушылыққа бет бұрып, шығармашылықпен айналысуда. Ал әкесі оның үйленуіне бір рет қарсы болғанын мәлімдеді, деп хабарлайды Paryz.kz KAZ.NUR.KZ-ке сілтеме жасап.

«Ұлты басқа болды»: Нұрлан Еспанов жалғыз ұлының үйленуіне неге қарсы шыққанын айтты
Фото: видеодан скриншот

Негізі, бір шетелдің қызын көрсетті маған. Шетелде тұратын қыз екен. "Сен үйдегі жалғыз тал ұлсың. Сен кетіп қалсаң, бізге кім қарайды? Үйде екі қарындасың бар. Оларды ұзату керек, үйлі-жайлы қылу керек. Сен кетіп қалсаң, біз не істейміз?", - дедім. Жалғыз ұлым ғой енді. Оның ұлты бөлек болды. Маған ұлты қызық емес. "Алматыда тұратын қыз болса, үйлене бер", - дегем. Бірақ ол шетел асып кеткен қыз екен. "Ұлымнан айырылып қаламын ба? Сол жаққа кетіп қалмай ма?", - деген ой болды. 

Сөйтіп тоқтаттым. Сол кезде тоқтады да, әлі үйленбей жүр. Қазір кітабы шықты. Соны оқып көруім керек пе?! Сонда ғана оның ойын, көңілін түсінетін шығармын. Қандай қыз керек дегендей...

Бір күні сұрасам: "Қыз жоқ", - дейді Instagram парақшасында 80 мың қыз бар, - деді Еспанов.