Прямая трансляция

Астана

Астана

-7.03°C

«Әлі емделетін тұстары бар». Танымал әзілкеш өзіне қауіпті диагноз қойылғанын мәлімдеді

Танымал актер әрі әзілкеш Марат Достаев өзінің қауіпті дертпен күрескен кезін еске алды. Бұл туралы ол журналист Асхат Садырбайға берген сұхбатында айтқан, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

«Әлі емделетін тұстары бар». Танымал әзілкеш өзіне қауіпті диагноз қойылғанын мәлімдеді
Фото: видеодан скриншот

Қауіпті диагноз қойды. Бауыр циррозы. Басымызға күн туса 102-ге, жаның қиналғанда 103-ке телефон шаламыз. Сол телефон соққанда арғы жақтан дұрыс реакция болсын дейміз. Екі рет жедел жәрдем шақырдым. Екеуінде де: "Температураңыз 37 градус", - деп, алмай кетті. "Өзіңіз бір тексеріліп, қаралсаңызшы. Сізді апарсақ, бізге ұрсады", - деді. Жасыратыны жоқ, қаладағы дәрігерлерге де бардым. "Бізде анализ жөнді шықпауы мүмкін, жеке емханаға барыңыз", - деді. Билирубинім 356-ға жетіпті. Оның қалыпты нормасы 18 болуы керек. Сол кезде жеке емханаға барып, әуелі Алла, кейін дәрігерлердің арқасында аман қалдым. Өте қауіпті нәрсе екен. Оны кейін білдім, - деді ол.

Марат Достаев мұндай ауыр дертке шалдығуына ұйқы мен тамақтың дұрыс болмауын себеп деп есептейді.

Киноиндустрияда жүрген, сериал-киноға түсетіндер жақсы біледі. Бізде тәулігіне екі рет қана бір сағаттан ұйықтайтын кездер болады. Кейде он күн ұйықтамай, екі күн қатарынан ұйықтайсың. Оның өзі ағзаға үлкен күш. Фастфуд жейсің, түнгі сағат 3-4 шамасында тамақ іше саласың. Қазір денсаулығым шүкір, жаман емес. Бірақ әлі емделетін тұстары бар, - деді актер.