Атышулы блогер Айжан Байзақова әлеуметтік желіде жүкті екенін жария етті. Бұл туралы Paryz.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.
Жасырудың еш мәні қалмады. Қалада көрген адамдардың бәрі құттықтап жатыр. Сіздер менің отбасымдай болып кеттіңіздер, сондықтан білуге міндеттісіздер. Нұрбектің тұңғышы. 18 апта болды. Бүгін баланың жынысын анықтаймыз, – деп жазды Айжан Байзақова.
Блогер әлеуметтік желідегі парақшасында отбасымен түсірген бейнежазбаны жүктеді.
Айта кетейік, блогердің бірінші некесінен Алан есімді ұлы бар.