Прямая трансляция

Астана

Астана

-2.03°C

«Келін мен балаға күнімді салмасын»: Гүлнұр Оразымбетова болашақта қандай ене болатынын айтты

Отандық әнші Гүлнұр Оразымбетова екі ұл тәрбиелеп отырған ана. Өнер иесі "Мамский әңгіме" бағдарламасында болашақта қандай ене болатынын айтты, деп жазады Paryz.kz KAZ.NUR.KZ-ке сілтеме жасап.

«Келін мен балаға күнімді салмасын»: Гүлнұр Оразымбетова болашақта қандай ене болатынын айтты
Фото: almaty.tv

"Қазірден "Келін мен балаға күнімді салмасын" деп айтамын. Ең бастысы, екеуінің ортақ жоспары болып, ортақ ісі, жалпы қызығушылығы болса деймін. Екеуі бір-біріне көмектесіп, ешкімнен ештеңе сұрамай, өздерімен өздері болса деймін. Көп болса, балаларын бағып берермін.

Бірақ "Балаларыңды әкеп тастаңдар, қараймын" деп те айта алмаймын. Себебі, жұмыс істеген адамға бәрі бар. Бала күтушісін де алуға болады. Олай қарай алмаймын. Себебі, екеуінің ортасына түсіп жүрмеймін. Ең бастысы, балаларым әдемі өмір сүрсе, сол жеткілікті. Екі баламның отбасына, келіндерге, ыдыс-аяғына араласпаймын", - деді Гүлнұр Оразымбетова.