Құлынмен бірге далада ұйықтап жатқан бала Қазнетті сүйсінтті

Әлеуметтік желіде құлынмен бірге ұйықтап жатқан баланың видеосы тарады, деп хабарлайды Paryz.kz Massaget.kz-ке сілтеме жасап.

Құлынмен бірге далада ұйықтап жатқан бала Қазнетті сүйсінтті
Фото: видеодан скриншот

Кадрлардан Ерсұлтан есімді бүлдіршіннің қорықпай құлынның қасында жатқанын көруге болады.

Әлеуметтік желі қолданушылары батыр балақайға жылы лебіздерін жазған.

«Қазақты батыр баласы, тіл көзден сақтасын», «Бала кезімде еске түсіреді-ау мына бала», «Ұлың өсіп бай болсын, құлының өсіп тай болсын!», «Екі құлыншақ», «Екі құлын бір-біріне жарасып тұр», - деп жазды олар.

Сондай-ақ, әлеуметтік желідегі видеолардан бүлдіршіннің төрт түлікті жатырқамай, бірге ойнайтыны да көрінеді.