«Көп тыйым салды»: Жазира Байырбекова күйеуінің ел білмейтін мінезін айтты

Отандық әнші Жазира Байырбекова жұбайы Жанболат Ербатыровтың кезінде өзіне көп тыйым салғанын айтты. "Төртеу түгел" бағдарламасында әнші күйеуінің жақсы және жаман қасиеттерін атады, деп жазады Paryz.kz KAZ.NUR.KZ-ке сілтеме жасап.

«Көп тыйым салды»: Жазира Байырбекова күйеуінің ел білмейтін мінезін айтты
Фото: әлеуметтік желіден

"Жанболат негізі ауылдан бірге тұрып келгеннен кейінгі тәрбиемен ұзақ жылдар бойы қалып қойған. Әйел адам ерінің айтқанымен жүруі керек деген сияқты. Басында "Саған былай сөйлеуге болмайды", "Былай киінуге болмайды", "Еш жерге баруға болмайды" деген сияқты көп тыйым салды. Мен сөзбен айтып, еш нәрсе түсіндіре алмадым. Мен қатты ауырып, қиналғаннан кейін Жанболат мені бағалай бастады. Ауырғаннынң да жақсылығы бар екен ғой деп ойладым. Күйеуім өзгеру үшін арнайы ештеңе жасамадым. Қалай бармын, солай жүрмін", - деді Жазира Байырбекова.

Сонымен қатар Жазира Байырбекова бағдарлама барысында күйеуінің үш нашар және үш жақсы қасиетін атады.

"Жаман қасиетінен бастайықшы. Шыдамсыз. Мысалы, даяршы тамақты кешіктірсе, нанды бірінші әкелмесе шыдамсыздық танытатыны ұнамайды. Сосын өте талапшыл. Үшіншісі, адамға тік айтатын қасиеті. Сол жағы кішкене ұнамайды. Бірақ ол - болмысы. Оны өзгерту мүмкін емес. Жақсы қасиеті, маған деген махаббаты. Жанболат әзілді тура айтады. Кез келген адам оның әзілін ұзақ уақыт бойы есіне алып жүреді. Отбасын бірінші орынға қояды. Төртіншісі, Жанболаттың батылдығы", - деді Жазира Байырбекова.