Отандық әнші Досымжан Таңатаровтың шаңырақ көтергеніне биыл 25 жыл толған. Өнер иесі осы уақыт ішінде әйелін көпшілікке көрсетпеу себебін "Ұйқым келмейді" бағдарламасында айтып берді, деп жазады Paryz.kz KAZ.NUR.KZ-ке сілтеме жасап.
"Қызғаншақпын. Қазақтың қарапайым келіншегі ғой. Тәрбиесі солай шығар. Шығам десе, елдің алдында жүрем десе өз еркі. Бірақ енді ерлі-зайыпты болғаннан кейін өзінің қалауы. Мамандығы мейірбике. Мамандығы бойынша жұмыс істеген.
Балалар жас, қазір үйде. Ел білмейтін бір құпия, бір адам болсын да біздің отбасыда", - деді Досымжан Таңатаров.