Прямая трансляция

Астана

Астана

-7.03°C

Ақбота Керімбекованың ұлы алғаш рет әкесі жайлы айтып, жан сырын ақтарды

Ақбота Керімбекованың ұлы Біржан алғаш рет жеткіншек кезінде әкесіз өсудің айырмашылығын түсінгенін айтты. "Өмірдің өзі" бағдарламасында әншінің ұлы әкесі жайлы айтып, жан сырын ақтарды, деп жазады  Paryz.kz Nur.kz-ке сілтеме жасап.

Ақбота Керімбекованың ұлы алғаш рет әкесі жайлы айтып, жан сырын ақтарды
фото: әлеуметтік желіден

"Өтпелі кезеңде мектепте көрші сыныптың баласымен қақтығысып қалдым. Екеуіміз сөзге келіспей қалдық. Сабақ біткеннен кейін сол бала "Жүрші, сөйлесейік" деп мені шақырып алды. Мені бір көлікке алып барды. Көлікке мінсем, әкесі отыр екен. Ол кісі "Есімің кім" деп сұрап, "Бәріміз қазақтың баласымыз. Ұрыспай жүріңдер" деп өз ақылын айтты.

Сол кезде мен толыққанды отбасыда өсу мен әкесіз өсудің айырмашылығын түсіндім. Егер менің әкем жанымда болғанда, мен де әкеме осы оқиғаны айтатын едім. Ол да маған өз ақылын айтатын еді. Ол жігіт қазір досым. Сол сөздерді мен досымның әкесінен естідім. Сол сөздерді естігеннен кейін ой үстінде жүрдім", - деп жан сырын ақтарды Ақбота Керімбекованың ұлы Біржан.

Сонымен қатар әншінің ұлы Біржан бағдарлама барысында қандай жағдай болса да, әкесі мен анасын сол қалпында қабылдайтынын айтты.

"Әкем мен анам жырасқанда, біз кішкентай болдық. Әкем басқа салада, анам басқа салада. Ажырасуға араларындағы түсініспеушілік себеп болды деп ойлаймын. Әр адамның өз өмірі бар. Әкем қандай болса да - әкем. Анам - анам. Бұл олардың арасындағы жеке өмірі, жеке шешімі деп қабылдаймын", - деді Ақбота Керімбекованың ұлы.