«Алтынай тәте жақтырмайды»: Айгүл Иманбаева ұлын әкесінің үйінен жылап келетін кезін еске алды

Отандық әнші әрі актриса Айгүл Иманбаева көпшілікке отбасы жайлы ел білмейтін құпиясын бөлісті. "Өмірдің өзі" бағдарламасында ұлы Асылжанның әкесінің үйінен жылап келетін кезін еске алды, деп жазады paryz.kz nur.kz-ке сілтеме жасап.

«Алтынай тәте жақтырмайды»: Айгүл Иманбаева ұлын әкесінің үйінен жылап келетін кезін еске алды
Фото: әлеуметтік желіден

Айта кетейік, аталмыш бағдарламаны Айгүл Иманбаеваның ұлы Асылжан Әбдімүтәлиев жүргізеді.

"Мен әкем мен шешемнің тағдырын қайталадым ғой. Сол ұлыма өтпесін дедім. Бір жерлерде қателік жіберіп, өтіп кеткенін білемін. Бірақ, сол тамыр қуалап кетпесе екен, балам қазір шешіп алса екен деп, әкем мен шешем жіберген қателікті жасамауға тырыстым. Қызғанбауға тырыстым. Әкеңмен араласқаныңды қаладым. Қайта-қайта жіберіп тұрдым. Кезінде сен қанша қаламағанмен де, Алтынай (Жорабаева - ред.) мен Сәбит (Әбдіхалықов - ред.) бірге тұрып жүргенде жібердім. Бала кезде "Алтынай тәте жақтырмайды" деп барғың келмей жылап келетінсің.

Сонда да әкеңе сені жақындата беруім - менің жеңісім сияқты көрінеді.  Өйткені, менің жүрегім тыныш, балам әкесіз емес. Қанша жерден екеуі екі бөлек кетсін, үйленсін, күйеуге тисін, мәселе онда емес. Мәселе, сол әке мен шешенің кіндігінен шыққан баланың психикасын бұзбай, дер кезінде тоқтатып, дер кезінде екеуімен де араласуында. Санаң, ақылың, өрең жетіп тұрғаннан кейін, осы нәрсеге тыныш жағдайда қарау керек. Аралассын, неге араласпайды? Неге бармайды? Неге көмектеспейді? Басқа анадан туған бауырларын тартпайды? Мұның барлығы мен үшін қалыпты, өзінше әдемі картина", - деді Айгүл Иманбаева.