Төреғали Төреәлі ауруханаға түсті

Әнші Төреғали Төреәліге медициналық көмек қажет болып дереу ауруханаға жеткізілген. Бұл туралы өнер иесінің адвокаты Эльнура Кишкенебаева өзінің instagram-сторисінде айтты, деп хабарлайды paryz.kz Massaget сайтына сілтеме жасап 

Төреғали Төреәлі ауруханаға түсті
Фото: ашық дереккөз

«Әншіге медициналық көмек қажет болып, ауруханаға жеткізілді», - деп жазды ол instagram-сторисінде.

Айта кетейік, кеше Алматыда танымал әнші Төреғали Төреәлі ұсталған видео тараған болатын. Кейінірек оның есірткіге мас болып ұсталғаны белгілі болды.

Сондай-ақ, өнер иесі 20 тәулікке қамауға алынды. Төреғали Төреәлі өз ісіне өкініп отыр.