Желіде полиция қызметкерлерінің Төреғали Төреәліні ұстап жатқаны туралы видео пайда болды. Жазба телеграмм-арналардың бірінде жарияланды, деп хабарлайды Paryz.kz.
«Әртіс Төреғали Төреәлі тыныш өмір сүрмейді. Бүгін оны тәртіп сақшылары мас күйінде көлік басқарғаны үшін қамауға алды. Жұлдыздың тұтқындалуына куә болғандар әншінің полицейлердің талабына көнбей көлігінің есігін жауып, ешкімді көрмегендей кейіп танытқанын айтады» делінген ZTB телеграмм-арнасы таратқан ақпаратта.
Осыдан кейін тәртіп сақшылары күш қолдануға мәжбүр болған секілді.
Видеодан дауысы Төреғали Төреәліге ұқсас адамның боқтық сөздердің неше атасын жіберіп, бақырып жатқанын байқауға болады.