Прямая трансляция

Астана

Астана

-6.03°C

«Клиптегі жігіт – ұлымның әкесі»: Меруерт Түсіпбаева бұрынғы күйеуі жайлы айтты

Әнші әрі актриса Меруерт Түсіпбаева "Жұлдызды шаңырақта" жобасында бұрынғы күйеуі жайлы айтты , - деп хабарлайды Paryz.kz Massaget.kz сайтына сілтеме жасап. 

«Клиптегі жігіт – ұлымның әкесі»: Меруерт Түсіпбаева бұрынғы күйеуі жайлы айтты
фото: әлеуметтік желіден

Жүргізуші әншіден жолдасыңызды бұрын көрсеткен бе едіңіз деп сұрайды.

"Бұл "Қимай сені барамын" бейнеклипіне түскен жігіт қой. Осы кісі ұлымның әкесі. Мен өмірімде бір-ақ рет тұрмысқа шықтым ғой. Біз ресми түрде үйленіп, ресми түрде ажырастық. 5-6 жыл бірге тұрдық. Қазір ол кісінің басқа отбасысы бар. Өкінішке орай, ол отбасыдан оның балалары жоқ", - деді әнші.

Сондай-ақ әнші ажырасқан кезде алимент алудан бас тартқанын айтты.

"Мен алименттен бас тартамын" деп ажырасқан кезде сотта хат жазғанмын. Заң жүзінде қарап көрсек, егер сенің әкең немесе анаң саған алимент төлейтін болса, біраз уақыт өткеннен кейін сенің қартайған шағыңда оны сеннен талап етеді және оны асырау сенің міндетің болады. Сол үшін балама жеңіл болсын дедім. Өмір алда, ертең не болатынын білмейміз. Біз ажырасқан кезде ипотекасы бар бір үй және бір көлік болатын. Сол көлікті оған беріп, мен үйді алып қалдым. Содан кейін сотқа барған кезде алименттен ресми түрде бас тарттым", - деді Меруерт Түсіпбаева.

Атақты әнші баласы ештеңеге мұқтаж болмағанын да айтып өтті.

"Құдайға шүкір, бір тал баламды ешкімге тәуелді қылмай, әкесіне де тәуелді қылмай, толық отбасында өмір сүріп жатқандай өсірдім. Балам қазақ-түрік лицейінде оқыды. Маған сондай қиын болған жоқ. Бірақ ұлым әкем бар деп өсті. Қандай да бір жағдай болып, біз мұқтаж болып жатсақ, оның әкесі әрине көмектесер еді. Алайда балам еш нәрсеге мұқтаж болмады", - деді ол.