Прямая трансляция

Астана

Астана

-7.03°C

«Ішім ашиды»: Бақыт Шадаева пәтер дауына байланысты Сейфуллин Жолбарысқа өкпесін айтты (видео)

Бірнеше жыл бұрын әнші Бақыт Шадаева әріптесі Сейфуллин Жолбарыспен араласпай кеткенін, оған Сейфуллиннің өзінен пәтер сатып алып, артынша ақшасын бермей қоюы себеп болғанын мәлімдеген. Алайда Сейфуллин Жолбарыс отандық бағдарламада әріптесінің сөзін жоққа шығарып, одан ешқандай пәтер алмағанын жеткізді. Бақыт Шадаева БазарLike бағдарламасында өнердегі әріптесіне өкпесін жеткізді, деп жазады Paryz.kz KAZ.NUR.KZ-ке сілтеме жасап.

«Ішім ашиды»: Бақыт Шадаева пәтер дауына байланысты Сейфуллин Жолбарысқа өкпесін айтты (видео)
Скриншот: БазарLike бағдарламасы

"Бұл тақырыпты негізі мен көтермеймін. Ол баяғыда айтылып кеткен дүние. Өтіп кеткен дүние. Мұны қозғамай-ақ қояйық. Осы тақырып көтерілгелі бері, екеуіміздің арамыз мүлде жаман болып кетті. Ол жігіттің жауап бергеніне ішім ашиды. Көргім де келмейді, естігім де келмейді. Ер азамат жігіт болуы керек қой.

Дұрыс жауап беруі керек. Әйелдің жанында басын ие салса да артық болмас еді. Оның үстіне қалай болғанда да мен одан үлкенмін. Ол сәттердің бәрін ұмытып, өзін қорғап жатыр. Ол дұрыс емес. Ол іште қалған өкпе ғой. Сіздің үйіңізді досыңыз тартып алып, сізге жауап бермей жоғалып кетсе сіз ұмытасыз ба? Әр сұхбатында сіздің өзіңізге шабуыл жасаса қалай қарайсыз? Мен де адаммын. Бұл дау негізі алған үйінің ақшасын бермегендіктен шыққан. Бұл жерде зардап шеккен менмін", - деді Бақыт Шадаева.