Прямая трансляция

Астана

Астана

-3.03°C

Алтынай Жорабаева ата-енесінің оны қалай қабылдағанын айтты

Алтынай Жорабаева «Ұйқым келмейді» түнгі шоу-бағдарламасының қонағы болып, отбасылық өмірі туралы сыр бөлісті. 

Алтынай Жорабаева ата-енесінің оны қалай қабылдағанын айтты
фото: Ұйқым келмейді бағдарламасынан

- Күйеуімнің ата-анасы мені қалай қабылдайтынын уайымдадым, себебі Шымкентте үйленбеген жігіттің төрт баласы бар, ажырасқан әйелді алуы логикаға сыймайтын дүние. Олар керісінше, менің ата-анамның не ойлайтынын көбірек уайымдады. Ал күйеуім қыздарымның оны қалай қабылдайтынын ойлады. Бірақ бір жылға жетпей, үлкен қызым оны «папа» деп атай бастады,- деді әнші.

Сұхбат барысында Жорабаева шетелде пәтері бар екенін айтты.
- Түркияда екі пәтерім бар. Ол мен үшін бизнес, инвестиция. Балаларым да өсіп келе жатыр,-деді эстрада жұлдызы.