Прямая трансляция

Астана

Астана

-6.03°C

"Ұл өсті деген осы": Айгүл Иманбаева ұлына келін іздеп жүргенін айтты

Отандық актриса, әнші Айгүл Иманбаева ұлы Асылжанға жар болатын қыз іздеп жүр. Өнер иесі қазіргі таңда жүрген жерінде келін іздестіретінін Instagram парақшасында айтты, деп жазады Paryz.kz KAZ.NUR.KZ-ке сілтеме жасап.

"Ұл өсті деген осы": Айгүл Иманбаева ұлына келін іздеп жүргенін айтты
. Фото: Instagram/aigul_imanbayeva

"Ұл өсті деген осы. Қазір жүрген жерде Әмина апам ("Тақиялы періште" фильмінің бас кейіпкері - ред.) секілді келін іздеп жүретін болдым. Бірақ, тақия киіп, Тайлақ болайын деп тұрған Асылжан жоқ. Менікі аналық тілек қой", - деп жазды Иманбаева. Сонымен қатар актриса болашақ келінінің бойынан көргісі келетін қасиеттерді атады. "Ибалы, инабатты, тәрбиелі, ақылды, дана, сұлу, мінезі көркем қызыңыз бар ма?", - деді Айгүл Иманбаева

. Ал желі қолданушылары актрисаға арманындағы келін жолығуына тілектестігін білдірген.

"Асылжанның бағы жансын", "Өзіңе ұқсаған бір сұлуға жолығар", "Ұлға келін іздей алады екенсің. Ал қызға "Тұрмысқа шық" дегеннен басқа сөз айта алмайды екенсің", "Ананың тілегі қабыл болсын", "Адал келін нәсіп етсін", "Ұлыңызды жақсы тәрбиелегенсіз, бақытына жолықсын", - деді желідегілер.

Айта кетейік, Асылжан Әбдімүтәлиев - актриса Айгүл Иманбаева мен актер Сәбит Әбдіхалықовтың ортақ баласы.