Прямая трансляция

Астана

Астана

-6.03°C

Мейрамбек Беспаев алғашқы пәтерін қалай алғанын айтты

Белгілі әнші Мейрамбек Беспаев «Алғашқы» бағдарламасында өзінің ең алғашқы пәтерін қалай алғанын айтты.

Мейрамбек Беспаев алғашқы пәтерін қалай алғанын айтты
фото: Алғашқы барғдарламасынан

Эстарада жұлдызының айтуынша, үнемі қонақ үзілмейтін бұл үйдің есігі, тіпті, танымайтын адамдарға да ашық болған. 

- Тоқтар екеуміз ол кезде пәтер жалдап тұрамыз. Ойда жоқта пәтер иесі бізге шығыңдар деді. Әлі есімнен кетпейді, 22 наурыз болатын. Бір күні көкем (Алтынбек Қоразбаев,- ред.) Гагарин мен Басенов көшелерінің қиылысына келгенде қолыма кілт берді. Бұл не деп сұрап едім, «аш, сосын түсінесің» деді. Ашсам, бір бөлмелі пәтер, кішкентай ас үйі бар екен. «Бүгіннен бастап енді сен пәтер жалдап жүрмейсің, бұл өз үйің» деп айтқаны есімде. Бұл Алматыдағы алғашқы  баспанам болды, -деп бөлісті ол.