Желі қолданушысының бірі әншінің жұбайынан "Сіз мектепті жақсы оқыпсыз, иә? Бірінші сыныптан бірден екінші сыныпқа көшкеніңіз рас па?", - деп сұрады.
Ал Мейрамбек Бесбаевтың жұбайы бұл ақпаратты растап, 15 жасында мектеп бітіргенін айтып берді. "Иә, ол рас. Бірінші сыныпты оқып, бірден үшінші сыныпқа жіберді. Екінші сыныптың бағдарламасын біледі деді. Жақсы оқығаным үшін үшінші сыныптан кейін бесінші сыныпқа ауыстырды. 15 жасымда мектеп бітірдім", - деп жауап берді әншінің жұбайы Мархаббат.