21.05.2023, 11:34

«Бір тойда екі бөтелке іштім»: Актер Алмат Сақатов ішімдікке салынып кеткен кезін еске алды

Фото: Видеодан сскриншот: "Уақыт көрсетеді" бағдарламасы

Қазақстандық актер Алмат Сақатов "Базар Like" бағдарламасында ішімдікке салынып кеткен күндерін еске алды. Өнер иесі бағдарлама барысында теріс әдетке үйір болған сәттерді жасырмай айтып берді, деп жазады Paryz.kz KAZ.NUR.KZ-ке сілтеме жасап.

"Мен ішімдікке салынып, жұмалап ішкен жоқпын. Болса, іше саламын. Тойға келемін де, бірінші столдағы ішімдікке қарайтынмын. Тілім күрмелмей, аяққа құламай тойды жақсы жүргізетінмін. Бір тойда екі бөтелке ішімдік ішіп қоятынмын.

Сондайға дейін бардық енді. Бірақ мен үйдің ішін шашып, сатып ішкен жоқпын. Менде бәрі өз орнында болды. Ақшаны да таптым, достарым да көп болды.

Үйге де ақша беріп отырдым. Өйткені, мен ақшаны да жақсы таптым. Казиноға да бардым. Сол кезде жақсы табатын әртістер мен асабалар арасында казиноға бару сәнге айналды", - деді Алмат Сақатов.