"Топ басталғанда киімге қатты жарыған жоқпыз. Қара костюм 5000 теңгеден алынды. Төрт костюм-шалбар алдық. Ең алғаш университеттің атынан республикалық байқауға Атырауға бардық. Сол кезде біздің киіп шығатын костюміміз КВН ойыншыларыныкі еді. "Аманатқа қиянат жасамай, әкеліп береміз" дедік. Бірақ, Еркін (Нұржанов - ред.) шалбарын үтікпен күйдіріп тастады. Сол қиянат болып қалды. Басталғанда киімге жарыған жоқпыз. Киетін киім жоқ. Әбдіхан (Нұрмаханбетов - ред.) ағайымыздың конкурсқа киген киімдері бар екен. Төртеуімізге бір-бір көйлек берді. Сол кісінің көйлектерін киіп шықтық", - деп еске алды топ мүшесі Бағлан Әбдірайымов.