Димаш Құдайберген Мемлекет басшысымен ұшақтағы кездесуінен видео жариялады

Қазақстандық әнші Димаш Құдайберген Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевпен ұшақта кездесуінен фото, видео жариялады, деп хабарлайды Paryz.kz.

Димаш Құдайберген Мемлекет басшысымен ұшақтағы кездесуінен видео жариялады
фото: әлеуметтік желіден

«Көк аспанда Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Кемелұлымен әңгімелесіп отырған сәт! Мазмұнды іссапардан естелік!», - деп жазды Димаш Instagram-дағы парақшасында.

Еске салайық, ҚР Президенті Қ.Тоқаев 17-19 мамыр аралығында Қытайға мемлекеттік сапармен барды.