«Әйелдердің құтырған заманы». Бейбіт Қорған балаларының анасы жайлы айтты

Белгілі әнші Бейбіт Қорған “Ұйқым келмейді” бағдарламасында жеке өміріне қатысты сұраққа жауап берді, деп хабарлайды Paryz.kz  Stan.kz ақпарат агенттігіне сілтеме жасап. 

«Әйелдердің құтырған заманы». Бейбіт Қорған балаларының анасы жайлы айтты
фото: әлеуметтік желіден

Бағдарлама барысында экраннан әншінің жас кезінде “Ұят болмасын” бағдарламасындағы бейнежазбадан үзінді көрсетілді. Видеода Бейбіт Қорған: “Мен Киркоров сияқты қазақ эстрадасының әртісі болғым келеді. Қазақтың “Алла Пугачевасын” тауып аламын”, – дейді.

Бағдарлама жүргізушісінің: “Пугачеваңды таптың ба?” деген сауалына өнер иесі: “Тапқанда, бала-шағамның анасы бар. Кезінде өзімнің жіберіп қойған қателігім көп. Еркелеп есімізді енді жиып жатырмын. Достарымның көбісі айтқандай “Әйелдердің құтырған заманы” деген сияқты, біздің, әншілердің жалпы өнердегі адамдардың құтырған заманы. Тәубаға келіп тұру керек. Адам қай салада жүрсе де, ол бойындағы тәкәппарлықты жойса ғана тәубасына келеді. Ол ең бірінші қарапайым болу керек. Үлкендердің батасын алып, тура жолдан таймау керек. Бүгін бармыз, ертең жоқпыз”, – деп жауап берді.