Прямая трансляция

Астана

Астана

-6.03°C

«Үйреніп келе жатыр»: Мадина Сәдуақасова күйеуі Олжастың жанынан жиі көрінбеу себебін айтты

Отандық әнші Мадина Сәдуақасова күйеуі Олжас жайлы жан сырын ақтарды. Өнер иесі DASTARХАН бағдарламасында жұбайының жанынан жиі көрінбеу себебін түсіндірді, деп жазады Paryz.kz KAZ.NUR.KZ-ке сілтеме жасап.

«Үйреніп келе жатыр»: Мадина Сәдуақасова күйеуі Олжастың жанынан жиі көрінбеу себебін айтты
Фото: видеодан скриншот

Бағдарлама жүргізушісі Тимур Балымбетов әншіден "Жолдасыңыз Олжас сізді қызғанады ма?", - деп сұрады. Ал Мадина Сәдуақасова күйеуінің үнемі жанында жүретінін алайда кадрдан көп көрінбейтінін айтты.

"Барлығы Олжасты бағдарламаға қатыспайды, концертке гүлмен келмеді, әлеуметтік желіде жоқ деп ойлайды. Негізі ол үнемі жанымда. Бірақ, сахнаның сыртында. Көп жерлерде жанымда жүреді, бірақ кадрға кірмейді. Жақында бейнебаянға түсті. Қазір үйреніп келе жатыр. Өзі де онда тұрған ештеңе жоғын түсінді-ау" деймін", - деді Мадина Сәдуақасова.