Прямая трансляция

Астана

Астана

-4.03°C

«Нан мен бензиннің бағасы өскені қызықтырмайды»: Алмат Сақатов халық мүддесін қорғамайтын әншілерге шүйлікті

Қазақстандық актер Алмат Сақатов "Базар Like" бағдарламасында халық мүддесін қорғамайтын әншілерді сынға алды. Актер нан мен бензин бағасының өскеніне алаңдамайтын өнердегі әріптестеріне шүйлікті, деп жазады Paryz.kz Nur.kz-ке сілтеме жасап.

«Нан мен бензиннің бағасы өскені қызықтырмайды»: Алмат Сақатов халық мүддесін қорғамайтын әншілерге шүйлікті
Фото: әлеуметтік желіден

Өнер иесі қоғамдық мәселеден шет қалмай, пікір білдіруінің себебін айтты.

"Сен жалғыз отырып, ақша таппайсың ғой. Мысалы тасқа қарап, өлең айтып, ақша таппайсың ғой. Саған халық береді. Жаркентте, Созақта, Тарбағатайда отырған адамдар тойына шақырып, саған ақша береді.

Қазір әншілердің бір тойға барған орташа бағасы - 5 мың доллар. Қазақстанда 5 мың доллар деген жалақы жоқ. Мүмкін, әкімдер алатын шығар. Халықтан алады. Бірақ халықтың мүддесін қорғағысы келмейді. Халықтың ортасында қиыншылық, қымбатшылық болып жатса, ол неменеге жылайды? Халық 5 мың доллар беріп отыр ғой.

Оған рахат. Картоптың қымбаттап, нан мен бензиннің бағасы көтерілгені ол әртісті қызықтырмайды. Өйткені, халық асырап отыр ғой. Қоғамда болып жатқан әр жағдайға сен кірісуің керек. Бас кеспек болғанмен, тіл кеспек жоқ. Сен қазақтың жері, елі, мәселесі үшін кірісуің керек. Неге тіл кеспек жоқ деп айтады? Себебі, сен аузыңнан шыққан сөзді ұстай алмайсың. Сондықтан да халықтың мүддесіне араласуың керек", - деді Алмат Сақатов.