15.05.2023, 10:48

Ауруханаға түскен Тамара Асар қазіргі жағдайын көпшілікке бөлісті

Фото: Instagram/tamara_assar_official

Осыған дейін отандық әнші Тамара Асар ауруханаға түсіп қалғанын айтқан болатын. Ал бүгін өнер иесі көпшілікке қазіргі жағдайы жайлы баяндап берді, деп жазады Paryz.kz nur.kz-ке сілтеме жасап.

Бұл жайлы әнші Instagram парақшасында жариялады.

"Кеше арнайы тексеру жасалды. Қорытындысын күтеміз. Бұйырса, жүгіріп, ұстатпай жүрейін", - деді Тамара Асар.

Айта кетейік, осыған дейін әнші Тамара Асардың ауруханаға түскенін хабарлаған болатынбыз.