Әнші тілшінің "Жүрегіңіз бос па?", - деген сауалына жауап беріп, басының бос екенін айтты.
"Желіде менің бірнеше әйелім бар екені жайлы жалған ақпарат та айтылады. Бірақ мен басы бос, бойдақ адаммын. Мен жеке өмірімнің жеке болып қалғанын қалаймын. Сол себепті, болашақта жарымды көрсеткім келмейді. Менің жұмысым, шығармашылығым, концерттерім бар. Кей нәрсе жеке болып қалуы керек", - деді Димаш Құдайберген.
Естеріңізге сала кетейік, осыған Димаш Құдайбергеннің әкесі Қанат Айтбаев баласының атын жамылған алаяқтар жайлы айтқан болатын.