Прямая трансляция

Астана

Астана

-9.03°C

«Мен оны сақтағым келмеген шығар»: Ерке Есмаханның бұрынғы жігіті алғаш рет өз шындығын айтты (видео)

Биыл тұрмысқа шыққан Ерке Есмаханның бұрынғы сүйіктісі Азамат Зенкаев алғаш рет сұхбат беріп, өз шындығын айтты. "Алғашқы" бағдарламасында әнші Еркенің өзінен айырылып қалғанын айтты, деп жазады  Paryz.kz KAZ.NUR.KZ-ке сілтеме жасап.

«Мен оны сақтағым келмеген шығар»: Ерке Есмаханның бұрынғы жігіті алғаш рет өз шындығын айтты (видео)
Фото: әлеуметтік желіден

Бағдарлама жүргізушісі Аман Тасыған Азамат Зенкаевтан "Еркеден неге айырылып қалдың? Мықты еркек қасындағы сұлуды сақтап қалады. Сен мықты болмай тұрсың ғой?", - деп сұрады.

Ал "91" тобының бұрынғы әншісі бұл оқиғаға қатысты өз нұсқасын айтты.

"Мен ба? Ерке менен айырылып қалды... десең. Мен ешкімнен айырылмадым. Өмір солай ғой. Мен оны сақтағым келмеген шығар? Баурап алды. Ой салып жіберді. Өзімнің тіліммен "қудырып жіберді" деп айтамын", - деді Еркенің бұрынғы сүйіктісі.

Сонымен қатар Азамат Зенкаев отандық "Маска" бағдарламасындағы түсірілімі жайлы да шындығын айтты.

"Оның бәрі шоу ғой. Өтірік қой оның бәрі. Міне, мынау шындық", - деді Азамат Зенкаев.

Сондай-ақ әнші ең алғаш Еркемен қалай кездескенін де жасырмай айтып берді.

"Ол маған жазды. Мен оған өлең жазып бергем, сол мәселемен кездескен болатынбыз. Өзі әзілдейтін қыз ғой. Сөйтіп әңгімеміз жарасып кетті. Сөйтіп баурап алды. Алданып қалдым... Ойнап айтамын", - деді Азамат Зенкаев.

Бағдарлама барысында Ерке Есмаханның бұрынғы сүйіктісі айырылысып кету себебі туралы сұраққа жауап берді.

"Соңғы рет кездеспедік. Екі жаққа кеттік, бірақ айырылысу мақсатында емес. Жай кетіп қалдық та, айырылысып кеттік. Мен шақырдым, ол келмеді дей салайық. Сол кезде ғашық болдым, кездестім. Қазір күмәнім бар. Анаммен таныстырдым. Сол кезде сезімім болған шығар. Ол мені тастап кетті деп айта салайық", - деді Азамат Зенкаев.