Прямая трансляция

Астана

Астана

-7.03°C

«Тәуекел мейірім бермедің дейтін»: танымал актердің анасы жан сырын ақтарды

Елімізге танымал актер Тәуекел Мүсілімнің анасы Галина Мамажан "Қыздар-ай" бағдарламасына сұхбат беріп, ұлының балалық шағы туралы әңгіме қозғап, оған бала кезінде жеткілікті мейірім бере алмағанын айтты, деп хабарлайды Paryz.kz ақпарат агенттігі nur.kz-ке сілтеме жасап.

«Тәуекел мейірім бермедің дейтін»: танымал актердің анасы жан сырын ақтарды
Фото: видеодан скриншот

"Менің Тәуекелім: "Сіз бізге қарамайтын едіңіз, ыстық ықыласыңызды бермейтін едіңіз. Келесіз, кетесіз жұмысқа, тамақ бересіз. Сөйлеспейсіз де...", - дейді кейбір кезде. "Сендерді асырап-бағамын деп, қарайтын уақытым да болған жоқ", - деймін.

Мейіріміңді көрсетпедің деп, есінде сақтап қалған. Ал менің балаларды асыраймын деп, көп көңіл бөлуге уақытым болған жоқ. Бәріне үлгеруім керек еді. Қазіргі балалар енді соткаға көп қарайды. Оны бермесең, тамақтың үстінде бақырып, шақырып, бәрін шашып тастайды.

"Менің көзімше ұрмаңдар, жүрегім шыдамайды", - деймін. Ол болса: "Бізді кезінде ұрдыңыз ғой. Енді немереңізді ұрғызбайсыз", - деп күледі. Кезінде оларды ұрсам, жаман болсын деп ұрмадым. "Сіз мені шыбықпен ұрдыңыз ғой", - дейді. Әлі күнге дейін соны айтады", - деді ұлының балалық шағын еске алған Галина Мамажан.