Прямая трансляция

Астана

Астана

-9.03°C

«Бізді қосқан - халық»: Тоқтар Серіков Бейбіт Сейдуалиеваны алғаш кездестірген кезін еске алды

Отандық жұлдызды жұп Тоқтар Серіков пен Бейбіт Сейдуалиева қалай отбасын құрған? Әнші Тоқтар Серіков "Төрлетіңіз" бағдарламасында жұбайын алғаш кездестірген сәтті есіне алып, сырын бөлісті, деп жазады Paryz.kz ақпарат агенттігі nur.kz-ке сілтеме жасап. 

«Бізді қосқан - халық»: Тоқтар Серіков Бейбіт Сейдуалиеваны алғаш кездестірген кезін еске алды
Фото: әлеуметтік желіден

"2000 жылдар ғой. Біз енді-енді халыққа танымал бола бастаған кезіміз. Бейбітті Нұр-Мұқасанның он жылдығына орай өткен үлкен концертте көрдім. "Өткен күндер-ай" деген әнді орындап шықты. Көптен бері мұндай дауыс естімегенмін, риза болдым. Қаршадай қыздың дауысына таңғалдым. Келгенше Ұлықпанға "Біздің қазақ эстрадасына нәзік, жақсы әнші қыз келіпті" деп айтып келдім. Мен екеуіміз танысып, түбінде жұп боламыз деп мүлде ойламадым. Бірақ үйге дейін сондай керемет сезімде келдім. Бір-екі күннен кейін үлкен тойға барып, екеуіміз қайта жолығып қалдық. Сөйлесіп көрсем, менің қазақшамды түсінбейді. Мен орысша білмеймін. Екеуіміз жақсы болдық", - деді Тоқтар Серіков.

Сонымен қатар Тоқтар Серіков Бейбіт Сейдуалиевамен шаңырақ көтеруіне халықтың себепкер болғанын айтты.

"Бізді қосқан - көрермен, халық. Мен Бейбітті бірінші рет концертте дуэт айтуға шақырдым. Содан кейін халық "Екеуі жүреді екен" деп өсек айта бастады. Негізі кездесеміз. Сөйтіп мен "Халық жүр деп жатыр, көрдің ғой" дедім Бейбітке. Содан көп ұзамай халық "Үйленеді екен" деді. Мен "Халық айтып жатыр ғой" дедім. Содан екеуіміз үйлендік. Құдай берген төрт ұлымыз бар", - деді Тоқтар Серіков.