18.04.2023, 14:00

«Көжегім»: Ләйлә Сұлтанқызы марқұм күйеуінің еркелеткен сәтін еске алды (ВИДЕО)

фото: әлеуметтік желіден

Тележүргізуші Ләйлә Сұлтанқызы марқұм жұбайының қалай өзін еркелететінін еске алды. Күйеуі жайлы естелігін Ләйлә Сұлтанқызы Instagram парақшасында жариялады, деп жазады  Paryz.kz ақпарат агенттігі nur.kz-ке сілтеме жасап. 

"Қайрекем (Қайрат Беркімбаев жұбайы - ред.) "көжегім" деп еркелететін. Көжектің тарихын айтып бергім келіп отыр. Қайрат қатты еркелеткенде "Ой, Құдай-ай, көжегім-ай менің" деп айтатын. Неге қошақаным емес? Неге ботақаным емес? Білмеймін, неге екенін... Себебі, көжектің көзі бадырайып өмірге деген сүйіспеншілігі, еркелігі, нәзіктігі болғандықтан шығар... Ол да енді естелік", - деді тележүргізуші видеода.

Естеріңізге сала кетейік, 2022 жылдың қарашасында Ләйлә Сұлтанқызының жұбайы Қайрат Беркімбаев өмірден өткен болатын.