«Қазақтың бәрі осылай жүрсе»: кимешек киген Жанар Айжанова мен қызы Айжұлдызға көпшілік риза болды (ВИДЕО)

Отандық актриса Жанар Айжанова қызы Айжұлдызбен бірге кимешек киіп, көпшілікті сүйсінтті. Қасиетті Рамазан айында ауызашарға жиналған жұлдызды отбасының видеосын Адайбекова Instagram желісінде жариялады, деп жазады Paryz.kz nur.kz-ке сілтеме жасап.

«Қазақтың бәрі осылай жүрсе»: кимешек киген Жанар Айжанова мен қызы Айжұлдызға көпшілік риза болды (ВИДЕО)
Фото: instagram.com/aizhuldyz_adaibekova

"Ауызашарға кеттік", - деп жазды Айжұлдыз Адайбекова.

Видеодан бірдей ұлттық киім киген Жанар Айжанова мен қызы Айжұлдыз Адайбекованы көруге болады. Ал желі қолданушылары ұлттық киімді дәстүрлеген анасы мен қызына ризашылық білдіріп, пікір қалдырды.

"Жарайсыздар", "Қандай керемет", "Өте сұлусыздар", "Қазақтың бәрі осылай жүрсе", "Анаңыздай аумайсыз", - деп жазды желідегілер.