«Ғашық едік»: желіде Мейрамбек Бесбаевтың жас кездегі видеосы тарады

Әлеуметтік желіде Мейрамбек Бесбаевтың жас кезіндегі видеосы тарады. TikTok желісінде жарияланған видео көпшіліктің қызу талқысына түсті, деп жазады paryz.kz ақпарат агенттігі nur.kz сайтына сілтеме жасап. 

Желіге тараған видеодан жап-жас Мейрамбек Бесбаевтың тойда билеп жүргенін көруге болады.

"Мейрамбек Бесбаевтың 18 жасы. Ауылда, даладағы тойды жандырып жатыр", - деп жазылған видео сипаттамасында. Ал видеоны көрге желі қолданушылары жастық шағы еске түскенін айтып, жарыса пікір қалдырған.

"Қайран, уақыт", "Қазір ешкім олай той жасамайды ғой", "Мейрамбек сымбатты жігіт. Ғашық едік қой", "Қайталанбас жастық шақ, шіркін", "Қандай керемет кездер еді", "Бұрын тойдың бәрі өзбекше әнмен өтетін еді", "Қарап отырып қызығасың", - деп жазды олар.