Прямая трансляция

Астана

Астана

-9.03°C

«Тәртіпке бағынған құл болмайды»: Төреғали Төреәлі абақтыда жатқан кезін есіне алды

Танымал әнші Төреғали Төреәлі көптен күткен бейнебаянның тұсауын кесті деп хабарлайды paryz.kz stan.kz ақпарат агенттігіне сілтеме жасап. 

«Тәртіпке бағынған құл болмайды»: Төреғали Төреәлі абақтыда жатқан кезін есіне алды
фото: әлеуметтік желіден

Күні кеше Төреғали Төреәлі қасиетті Ораза айында өнердегі әріптестері мен көпшіліктің басын қосып, жақында ашылған "Barakat burger" атты дәмханасында ауызашар берді. Мейрамбек Беспаев, Кенжебек Жанәбілов, Мұқасан Шахзадаев сынды өнер майталмандары қатысқан жиында су жаңа бейнебаянның тұсауын кесті.

"Менің Толқыным" деп аталатын әннің бейнебаяны өткен жылдың қыркүйек айында түсірілген болатын. Клиптің араға алты ай салып жарыққа шығуының себебін сұрағанда, әнші: "Оның ешқандай себебі жоқ. "Сабақты ине сәтімен" дейді ғой. Сәті бүгінге түсіп тұр екен. Бірақ клипті арнайы осы күнге сақтап, шығармай қойған жоқпыз", – дейді өнер жұлдызы. Әнші бейнебаянға жұмсалған бюджеттің мөлшерін де жасырып қалмады.