Жақында тұрмысқа шыққан актриса Гүлназ Жоланова күйеуі жайлы құпиясын бөлісті. Өнер иесі Instagram желісінде оқырман сауалына жауап берген, деп хабарлайды Paryz.kz, Nur.kz-ке сілтеме жасап.
Актрисаның айтуы бойынша, ол күйеуімен бірге үйлену рәсімінің барлығын атқарып үлгерген. Алайда жұбайының жеке шекарасын бұзбау үшін, көпшілікке жария етпеген.
"Барлығына бірден жауап берейін. Біздің үйленуге қатысты барлық дәстүрлі шараларымыз өтті. Күйеуім шығармашылық адамы емес. Әлеуметтік желіде де отырмайды. Жұбайымның жеке шекарасын бұзғым келмегендіктен, сурет пен видео болмады. Жасы 32-де", - деді актриса.