Әсел Сәдуақасованың жігіті кім екені белгілі болды (ВИДЕО)

Отандық актриса Әсел Сәдуақасованың сүйіктісі кім екені белгілі болды. Өнер иесі мен оның жаңа жігіті қазіргі таңда шетелде демалыста жүр, деп хабарлайды paryz.kz ақпарат агенттігі nur.kz-ке сілтеме жасап.

Әсел Сәдуақасованың сүйіктісі жайлы ақпарат TikTok желісінде пайда болды. Сонымен қатар актриса мен оның жігіті әлеуметтік желіге бірдей видео жариялап, шетелде бірге жүргенін көрсетті.

"Сүйіктіңнен суда романтикалық видео жасашы деп сұраған сәтте. Осылай өмір сүріп жатырмыз", - деді Сәдуақасова Instagram парақшасында. Осылай деген актриса мен жігіті желіде бірдей әзіл видео жариялады. 

Айта кетейік, Әсел Сәдуақасованың таңдауы түскен азаматтың аты-жөні - Мағжан Тілеуханов. Tengrinews.kz мәліметінше, Мағжан Тілеуханов актрисадан 7 жас кіші. Жігіт маркетолог әрі блогер Арман Юсуповқа тиесілі "Поток" жобасының негізін қалаушы.