Прямая трансляция

Астана

Астана

-8.03°C

Гүлнұр Оразымбетова тойдан көп ақша сұрайтын әртістерді масқаралады

Қазақстандық әнші Гүлнұр Оразымбетова Nege сайтына берген сұхбатында өнердегі кейбір әріптестеріне қарағанда қаламақысының мөлшері аз екенін айтты. 

Гүлнұр Оразымбетова тойдан көп ақша сұрайтын әртістерді масқаралады
Фото: stan.kz

Өнер жұлдызы халықтың тойға жиі шақыратынын мойындағанымен, гонорарға келгенде қуаныш иелерінің жағдайына қарайлайтынын жасырмады.

“Той-томалақта өнер көрсетіп, халықтың қуанышына жиі ортақтасып жүресіз. Халықтың жағдайы мен қалтасына қарауға тырысасыз ба, әлде тұрақты түрде сұрайтын ақыңыз бар ма?” деген сауалға әнші: “Той-томалаққа шақырту жиі түседі. Бірақ қатып қалған қаламақым жоқ. Той иесінің жағдайын ескеруге тырысамын. Себебі қазіргі уақытта елдің бәрі баршылықтан емес, баласының қызық-қуанышын көппен бөлісейін деп той жасайды. Өзін мақтан тұтты деп ойламаңыз, бірақ бұлайша қарашаның қалтасына қарайтын әншілер өте аз”, – деп жауап берді.

Отандық эстрада жұлдызы ақылы сұхбат беретін әріптестеріне де қатысты пікір білдірді.

“Өз басым сұхбат бергені үшін ақы сұраған аға буын өкілін естімеппін. Бірақ сұраса да, оның ағаттығы жоқ деп білемін. Себебі ол кісілердің халыққа еңбегі сіңді. Ал еңбекті бағалаудың әбестігі жоқ. Кім біледі, бәлкім уақыт өте келе мен де ақылы түрде сұхбат беруім мүмкін. Негізі айтарым, көп нәрсені жұртқа айта берудің қажеті жоқ, құпия сақтай білу қажет. Кейін реті келгенде ғана бөлісуге болады”, – дейді Гүлнұр Оразымбетова.