Продюсер Баян Алагөзова әнші Жанар Дұғаловаға бақыт тіледі, - деп хабарлайды paryz.kz ақпарат агенттігі Massaget сайтына сілтеме жасап.
Ол әншімен бірге түскен фотоларын Instagram-дағы парақшасына жүктеді. Онда Жанар Дұғалова ақ көйлек киіп тұр. Продюсер тойға күйеуі Тұрсын Алагөзовпен бірге барған.
"Бақытты бол, сұлу да талантты Жанарым!", - деп жазды ол.
Баян Алагөзова сонымен бірге өзі продюсерлік еткен топта өнер көрсеткен әншілердің көпшілігі тұрмысқа шыққанын, алайда олардың арасында алғаш рет Жанар Дұғалованың тойына барғанын айтты.