«Наконец-то тұрмысқа шығып жатыр»: Жанар Дұғалованың ұзату тойынан видеолар тарады

Танымал әнші, актриса Жанар Дұғалованың ұзату тойынан видеолар тарады, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

«Наконец-то тұрмысқа шығып жатыр»: Жанар Дұғалованың ұзату тойынан видеолар тарады
фото: әлеуметтік желіден

Видеоны әншілер Маржан Арапбаева мен Мәдина Сәдуақасова Instagram-дағы сторисіне салды.

"Сәлем, достар! Сонымен, уәде бергендей, мен сіздерге айтайын. Бүгін біздің құрбымыз, супер-әнші, сіңліміз Жанар Дұғалова наконец-то тұрмысқа шығып жатыр. Керемет! Бүгін ұзату тойы", - деді әншілер.

Сонымен бірге Маржан Арапбаева мен Мәдина Сәдуақасова Жанар Дұғалова мен әкесінің вальс билеп жүрген видеосын салды.

"Әкесі мен қызының биі. Қандай әдемі көрініс. Бақытты бол, Жанара", - деп жазды Маржан Арапбаева.