Отандық әнші Айгүл Иманбаева әкесіне айтқан ауыр сөзін еске алып, көзіне жас алды. Өнер иесі Динара Сәтжанның бағдарламасында қырық жыл көріспеген әкесінің ауылына қалай барғанын жасырмай айтып берді, деп жазды Paryz.kz ақпарат агенттігі KAZ.NUR.KZ-ке сілтеме жасап.
"40 жыл араласпаған әкемнің ауылына ініме бір жағдай болған кезде бардым. Екінші әйелімен тұрады, қызы бар. Қатты айқайласып, ауыр-ауыр сөз айтып, өлсең топырақ салуыңа келмеймін деген сөзді айттым. Одан өткен ауыр сөз болмайтын шығар. Солай айтып кеттім.
Содан кейін арада қанша жыл өтті? Айтқан сөзім маған тыныштық бермейді. Психологпен жұмыс жасаған сайын әкеңді жек көрмейтініңді түсінесің. Әр жұмыс жасалған сайын оны жақсы көретініңді, аңсайтыныңды, оның саған өмір бойы жетпегенін түсінесің. Өкпемді бұлай бетіне айтпай, жеңіл жеткізуге болатын еді.
Кейін әкем кішігірім инсульт алып қалғанын естідім. Осының бәрі маған сабақ болды. Бірақ жұмысымды тоқтатқан жоқпын. 7-8 жылдан бері психологпен жұмыс істеген сайын жарық дүниені көре бастадым", - деген Айгүл Иманбаева бағдарлама барысында көз жасына ерік берді.
Естеріңізге сала кетейік, осыған дейін Айгүл Иманбаева жақында өтетін жеке концертіне сүйіктісі келетінін айтқан болатын.