03.03.2023, 14:29

Желіде Кәмшат Жолдыбаеваға ақ орамал салынған сәттің видеосы тарады

Фото: видеодан скриншот

Желіде бірнеше күннен бері танымал әнші Кәмшат Жолдыбаева мен актер Ғазрет Қажымұқанұлы шаңырақ көтергені туралы ақпарат тарап жатыр.

Сондай-ақ, Instagram-да әншіге ақ орамал салынған сәттің де видеосы да пайда болған, деп хабарлайды Paryz.kz ақпарат агенттігі  Massaget.kz-ке сілтеме жасап.

 "Ақ келін Кәмшат Ақтөбеде", - деп жазылған видеода.  Бұған дейін Кәмшат Жолдыбаеваның ұзату тойынан видеолар тарағаны хабарланған еді.

Сондай-ақ, оған дейін де Кәмшат Жолдыбаева сүйіктісімен суреттерін ресми жариялаған болатын. Желіде Кәмшат Жолдыбаеваның сүйіктісімен бірге жүрген видеолары да пайда болды.