Алматылықтар танымал музыкант Darkhan Juzz-ді ақтық сапарға шығарып салды

Бүгін Алматыда өнер сүйер қауым белгілі қазақстандық музыкант Дархан Жүнісбековті ақтық сапарға шығарып салды, деп хабарлайды Paryz.kz ҚазАқпаратқа сілтеме жасап.

Алматылықтар танымал музыкант Darkhan Juzz-ді ақтық сапарға шығарып салды
Фото: әлеуметтік желіден

Darkhan Juzz Кеңсай зиратына жерленді. Сондай-ақ бүгін кешкі сағат 18:00-де музыканттың құрметіне Арбатта концерт ұйымдастырылады.

photo

Фото: Zakon.kz

Еске салайық танымал әнші Darkhan Juzz 24 ақпан күні Таиландта жол апатынан қаза тапты. Кейін Жүздеген алматылық қолдарына гүл шоқтары мен шам ұстап Арбатта қазақстандық музыканттың әндерін орындап, сол арқылы оның рухына тағзым етті.