Прямая трансляция

Астана

Астана

-7.03°C

«Мынандай азаптың не қажеті бар?»: Айгүл Иманбаева пластикалық ота жасатты

Танымал әнші, актриса Айгүл Иманбаева блефаропластика жасатты. Ол бұл жаңалықты Instagram-парақшасында айтты, - деп хабарлайды Paryz.kz ақпарат агенттігі Massaget.kz-ке сілтеме жасап.

«Мынандай азаптың не қажеті бар?»: Айгүл Иманбаева пластикалық ота жасатты
Фото: instagram.com @aigul_imanbayeva

Әншінің сөзінше, ұзақ уақыт бойы блефаропластика жасатуға қорқып келген.

"Достар, баршаңызға сәлем! Дәл қазір мен Алматы қаласында, жоғарғы дәрежелі пластикалық хирург Айна Досанда көзімнің үстіңгі жағына блефаропластика жасатуға келдім. Айна Досан - "Болашақ" бағдарламасының түлегі, жоғарғы дәрежелі пластикалық хирург, 19 жыл пластикалық хирургиядан стажы бар маман. Менің өнердегі жұлдызды құрбыларымның біразы Айнада пластикалық операциялар жасатқан. Неше жыл бойы жүрексініп келіспей, енді шешім қабылдап, бүгін келдім", - деп жазған әнші Желіде.

Желі қолданушыларының бір бөлігі өнер иесі әрқашан әдемі болып жүруі керек екенін айтса, енді бір бөлігі мұның дұрыс емес екенін жеткізген.

"Айгүл жасатқаныңыз дұрыс болған. Сіз елдің алдында жүрген актрисасыз, жасамаған сіз ғана-ау деймін", "Халықтың алдында жүргесін, әдемі болғаны дұрыс, әдемісін көргіміз келеді, айыбы жоқ шығар", "Блефаропластика бәрімізге керек. Одан ешкімнің табиғилығы бұзылмайды", "Табиғаттың бергеніне қарсы шығуға болмайды", "Мынандай азаптың не қажеті бар еді, денем тітіркеніп кетті", - дейді пікір білдіргендер.