Прямая трансляция

Астана

Астана

-8.03°C

«Қанша жыл жетім жүрген бүлдіршінге әке болып, ізгілік жасадың»: Жұрт Раймға ризашылығын білдірді

Еркемен неке қиып, сырға салып, қолына қондырған Раймға халық тәнті екендерін айтты, деп жазды Paryz.kz Caravan.kz-ке сілтеме жасап.

«Қанша жыл жетім жүрген бүлдіршінге әке болып, ізгілік жасадың»: Жұрт Раймға ризашылығын білдірді
Фото: әлеуметтік желіден

12 жас аралықтағы некеге көпшілік халық ерсі көріп, ауыр сыни пікірлер жазылғанымен, бұл жұпты қолдап, бақыт тілегендер де болды. 

"Раймға риза болдым. Жігіт болса, сендей болсын. Баласымен бірге алып отыр. Қанша жыл жетім жүрген бүлдіршінге әке болып, үлкен ізгілік жасадың. Ал, Еркеге жету қайда. Дұрыс емес деп жатқандар, қолдарыңнан 12 жас тұрмақ 2-3 жас кішіні қарату келмеді ғой, естігілерің керек сол болса", деп жазды желідегі оқырмандардың бірі.