Танымал қазақстандық музыкант қайтыс болды

Танымал қазақстандық музыкант Darkhan Juzz (шын есімі – Дархан Жүнісбеков) қайтыс болды. Бұл ақпаратты Tengrinews.kz тілшісіне õzen лейблі растады.

Танымал қазақстандық музыкант қайтыс болды
Фото:instagram.com/d.juzz

Музыканттың Instagram-дағы ресми парақшасында соңғы жазба былтыр 17 қыркүйекте жарияланған,

Darkhan Juzz (Дархан Жүнісбеков) 1991 жылы 9 тамызда Алматыда дүниеге келген. Ол рэп орындаушысы, ән авторы және дыбыстық продюсер еді. Оның жұмысы классикалық трапты, акустикалық гитараны және сезімтал лириканы біріктірді.