«Жау жүрек мың бала» фильмінен көрермен көзайымына айналған актер Асылхан Төлеповтің екінші әйел алғаны жайлы ақпарат тарады, деп хабарлайды Paryz.kz ақпарат агенттігі KYN.KZ сайтына сілтеме жасап.
Әлеуметтік желіде көптің талқысына түскен ақпаратты растайтын сурет те бар. Оны актердің ағасы Артур Төлепов өзінің парақшасында жариялады. Ол суреттен өнер иесінің Інжу есімді қызбен отау құрып жатқан кешіне шақыру билетін анық көруге болады.
Актердің ағасы Артурдың сөзіне сенсек, туған інісі ешкімді, тіпті өз отбасын да тойға шақырмай, жасырын түрде екінші рет үйленіп алған.
«Бәсе, үйде көрінбейсің. Шақырсаң болатын еді ғой. Бақытты бол», — дейді Артур Төлепов.
Еске сала кетейік, Асылхан Төлепов 2017 жылғы қарашада сүйіктісі Айсұлу отбасы құрып, Алматының төрінде дүркіретіп той жасады. Қазір Алпамыс есімді ұлы бар.