"Ұятсыз, не айтып тұрсың?" Сахнада анайы сөйлеген Төреғали тағы да елді шулатты

Тентек қылықтарымен жиі елдің аузында жүретін әнші Төреғали Төреәлі қайтадан халықтың назарын өзіне аударды. Бұл жолы атышулы әнші бүкіл елдің алдында анайы әзіл айтып, жұрттан оңбай сөз естіген, деп хабарлайды Paryz.kz ақпарат агенттігі Экспресс К сайтына сілтеме жасап.

"Ұятсыз, не айтып тұрсың?" Сахнада анайы сөйлеген Төреғали тағы да елді шулатты
Фото: видеодан скриншот

Әлеуметтік желіде қызу талқыланған бейнежазбаға зер салсақ, Төреғали кезекті концерттің бірінде өнер көрсетіп тұр. Сахнада терлеп кеткен ол ән аяқталғаннан кейін терін сүртіп, су ішеді. Сол сәтте көрерменнің көңілін көтеру үшін халыққа астарында анайы мағынасы бар егде жастағы әйел адам туралы әзіл айтады.

Баяғыда біреу: "Апа, шал жақсы ма, шәй жақсы ма?" деп сұрапты. Сол кезде апа: "Терлетсе екеуі де жақсы ғой, шырағым" деген екен, — деп әзілдеді Төреғали.

Атышулы әншінің сахнадағы бұл қалжыңы халыққа аса ұнай қоймаған. Олар дүйім жұрттың алдында дәл осындай анайы әзіл айтқан Төреғалиды жерден алып, жерге салған. Жазған пікірлер де жағымсыз.

"Өте ерсі. Халық неменеге мәз болып күледі? Ұятсыз", "Мәдениеттен жұрдай. Сахнаны, халықты сыйлау керек қой", "Қай жерде не айту керектігін білмейтін сорлы", "Ұятсыз, не айтып отырсың? Сенің әке-шешең бар ғой", "Эфир мәдениеті қайда? Арсыз, надан", — деп ашуланды желідегі жұрт.