"Тыңдадым, оқыдым. Сынаған кезінде қуандым десем де болады. Себебі, саф өнердің саңлақтары сынап жатса, мен құлақ асамын. Келесіде оның бәрін ескеремін. Ол кісіге рахмет айтамын. Ол кісі менің ең сүйікті актерім", - деді Жұлдыз Әбдікәрімова.
Естеріңізге сала кетейік, Тұңғышбай Жаманқұлов Жұлдыз Әбдікәрімованың жақында көпшілікке ұсынған "Ажырасам" фильмінің тұсаукесеріне өзінің арнайы шақырылғанын айтқан болатын. Алайда фильм көңілінен шықпағандықтан, соңында тіпті құттықтамай кетіп қалғанын мәлім етті.