Жақында мұсылманша неке қидырған Ерке Есмахан мен әнші Раимның алғаш қашан танысқаны белгілі болды. Ерке Есмахан қазіргі жұбайымен 2018 жылы танысқанын айтып, көпшілікке қызықты ақпаратты бөлісті, деп жазады Paryz.kz ақпарат агенттігі nur.kz сайтына сілтеме жасап.
Бұл жайлы Ерке Есмахан Instagram парақшасында айтып, көпшілікке жұбайының ән жинақтарын тыңдауға кеңес берді.
"2018 жыл, танысқан күні түскен ең алғашқы сурет. Сезім осы сәттен бастау алған еді. Суреттегідей екі жарты, бір бүтін болатынымызды сезбесек те, Алла бұйыртып, шешіп қойған екен. Бұл қызыққа, сынаққа толы махаббат туралы алдағы уақытта айтып берейін бе? Осы кезге дейін мен үндемесем де, Раим бәрін әнмен жеткізген екен сіздерге.
Сондықтан мен "Муза" сторисімді бастамай тұрып, сіздер жұбайымның "Шам", "О2", "4 дөңгелек", "Бестселлер" ән жинағын және оған кірмеген басқа әндерін де жақсылап тыңдап шығыңыздар. Әлде "Шынайы оқиғаға негізделген" деп, кино түсірсек пе екен? Некеге апарар жол бізді көп адастырды", - деді Ерке Есмахан.