Бұл туралы Нұртас Айдарбековтің өзі айтты. Желіде қызу талқыланған видеоға зер салсақ, ол ортаншы ұлы — Аянның үйінде отыр. Аталған бейнежазбада дәл осы шаңыраққа келсе жаны рақаттанатынын айтыпты. Өйткені келіні Айгерім ата-енесін ерекше күтіп, бағып-баптайды екен.
Ағайын, өз үйім — өлең төсегім. Аллаға шүкір, таң атпай ыстық нан да келеді. Өзімнің үйреніп қалған Айгерім келініме келсем, жаным тынып қалады да. Жағдайың бәрі болады. Осы үйге келсем жаным тынып қалады. Алла осыларға қуат, өмір берсін, — деді Нұртас Айдарбеков.
Нұртас Айдарбековтің дәл бұлай сырын ақтарып, мұңын шағуы тегін емес. Өйткені үлкен келіні Жұлдыз Әбдукәрімова кино түсіріп, бар уақытын шығармашылыққа арнаса, кіші ұлы Заңғар мен келіні Жібектің дәм-тұзы жараспай екі жаққа кеткен еді.