Продюсер Гүлзира Айдарбекова кіші ұлы Заңғардың ажырасып кеткенін айтты, деп жазады Paryz.kz ақпарат агенттігі Elorda.info-ға сілтеме жасап.
Әлеуметтік желідегі тікелей эфирде оқырмандары одан:
«Кіші келініңіз қайда?», «Жібек қайда?», «Кіші ұлыңыз неге жалғыз жүр? – деп қайта-қайта сұраған.
Шыдамы таусылған Гүлзира Айдарбекова:
Неге бәріңіз қоймайсыздар? Заңғар мен Жібек ажырасты. Менің түк қатысым жоқ. Тұз-дәмдері жараспады. Заңғар да жақсы, Жібек те жақсы. Үйленгенімен, бірге тұра алмады, - деп бар шындықты жайып салған.